Jump to content

Уикимедиа қорының жылдық жоспары/2025–2026

From Meta, a Wikimedia project coordination wiki
This page is a translated version of the page Wikimedia Foundation Annual Plan/2025-2026 and the translation is 100% complete.

Адамзат тарихында дауыс беруге құқылы адамдар саны бойынша рекорд бұзып, тарихқа сайлау жылы болып енген 2024 жылдан кейін әлем 2025 жылы айтарлықтай геосаяси, нормативтік-құқықтық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырап жатыр. Осының бәрі Уикимедиа қозғалысына қиындықтармен қатар мүмкіндіктер де ұсынып жатыр.

2026 жылғы қаңтарда Уикипедияның құрылғанына 25 жыл болмақ. Тұтас бір буынға пара-пар бұл мерейтой Уикимедиа қорының кезекті жылдық жоспарының ортасымен тұспа-тұс келіп тұр. Алға қарасақ, бұл мерейтой бізге ой толғауға және атап өтуге сирек мүмкіндік берумен қатар, айқын әрі прагматикалық жоспарлау арқылы осындай бірегей ғаламдық ресурсты қорғап, дамыту қажеттілігін тудырады. Шынымен де, миссиямыз бізді мәңгілікке осылай істеуге шақырады.

Қазіргі сәтте Уикимедиа қорының жоспарлау ісі жылдам жауап қатудан бастап волонтерлар санын, контентті, оқырмандарды және қаржыландыруды арттыруға бағытталған бірнеше буындық стратегияға дейінгі бүкіл спектрді қамтиды. Бір уақытта қысқа, орта және ұзақ мерзімге жұмыс істей алуымыз керек.

Жоспарлаудың мұндай бірнеше деңгейі Уикимедиа қорының 2030 жылға және одан кейінгі кезеңге бағытталған "еркін білімнің маңызды инфрақұрылымы" ретінде қызмет етудегі стратегиялық бағытын ілгерілетеді. Бұл жылдық жоспар өзгеріп жатқан интернеттің жоғары қарқынды кеңістігіндегі бейтарап, еркін әрі энциклопедиялық контенттің маңыздылығын айшықтайды. Мұнда Уикимедиадағы адамдар мен жобаларды қорғау үшін оның құндылықтары мен қағидаттарын қалай күшейтіп, бекітуге болатыны туралы мәселе қойылады. Онда басты назар ұжым болып жаңа қатысушылар мен тұтынушыларды қалайша тартуға болатынымыз, соның арқасында олардың алдағы буындарда да жетістікке жете алатыны жайлы болады.

Бұл контекстте осы жылдық жоспар мен бюджет келесі фискалдық жылға (2025 жылғы шілде - 2026 жылғы маусым) арналған мақсаттарға жалпы шолумен қатар ресурстардың қалай инвестицияланып, басымдыққа ие болып жатқанын жіктеп көрсетеді. Ол өз бағытын бізді қоршаған әлемдегі негізгі үрдістер мен қажеттіліктерден және Уикимедиa қорының оларға әсер ету әдісінен алады.

Дәл қазір әлемге бізден не керек?

Соңғы бірнеше жылда жоспарлау процесі осы бір негізгі әрі бағыттаушы сұрақтан бастау алған болатын. Ол жыл сайын Уикимедианың миссиясын орындау мақсатында істеп жатқан жұмысымызды айқындайтын ғаламдық үрдістер мен қауымдастықтағы үрдістерге негізделген зерттеу мен талдауға негіз болады.

Расталған, бейтарап ақпаратты онлайн бөлісуге байланысты қиындықтар мен қауіптер айтарлықтай артып кетті. Жаһан бойынша желідегі ақпаратқа деген сенім азайып жатыр, әлдебір ақпараттың ақиқаттығы туралы ортақ консенсус ыдырап барады. Интернеттегі технологиялық платформаларды реттейтін заңдар мен ережелер Уикипедия сияқты коммерциялық емес ұйымдарды ескермей жатады.

Цифрлық кеңістіктің өте жылдам өзгеріп жатқанына да куә болып жатырмыз. Бұған желіде машина арқылы жасалған контенттің геометриялық прогрессиямен көбейіп жатқанын жатқыза аламыз. Адам қолымен жасалған сенімді әрі жоғары сапалы контент азайып бара жатқан сирек құндылыққа айналды, оны технологиялық компаниялар интернеттен жинап алып, өз платформаларында жаңа іздеу әдістері (ЖИ-ге негізделген түрі де, дәстүрлісі де) арқылы тарату үшін жарысып жатыр және мұндайда көбінесе ақпараттың Уикипедиядан алынғанын көрсетпей жатады. Үшінші тарап контентін тұтыну саны артып жатқанына байланысты біздің жобаларымыздың көп көрінбей жатқанына куә болсақ та, мұндай контексте Уикимедианың рөлі өте маңызды болып келеді.

Бұған қоса Уикимедиа қауымдастықтарының ұзақ мерзімді тұрақтылығы үшін сапалы контент салып тұратын әрі қызығушылығын жоғалтпайтын жаңа қатысушылардың тұрақты легі керек. Редакторлардың жаңа буынын шақыру, жобаларда сапа мен сенімділікті қамтамасыз ететін сенімді волонтерлар (кеңейтілген құқықтары бар қатысушылар деп те аталады) санын арттыру үшін түрлі әдістерді сынап көреміз.

Жүйелі мақсаттар, инновациялық эксперименттер

Осы және өзге де ғаламдық үрдістермен бетпе-бет келе отырып, бұл жоспар жүйелілікпен қатар инновацияны да қамтамасыз етеді. Төменде сипатталған мақсаттар бұған дейін жүйелі түрде ұсынылған жоспарларға негізделген (2024, 2023 және 2022 жылғы жоспарларды көріңіз). Қордағы басымдық пен ресурстар бойынша технологиялық инфрақұрылым мен өнімдерді дамыту ісіне қолдау көрсету басты назарда бола бермек, осылайша Уикипедия мен Уикимедиа жобаларының сенімді, қауіпсіз болуын және дамып тұруын, сонымен қатар барлық жердегі үлес қосушылар мен тұтынушылардың қажеттіліктеріне сай болуын қамтамасыз ету жоспарланады.

Біздің басты мақсаттарымыз үш бағыт (Инфрақұрылым, Волонтерларды қолдау, Тиімділік) бойынша қайта құрылды, Мұндағы мақсат – Уикимедианың тегін әрі ашық интернеттің маңызды бөлігі саналатын жобалардың жұмысын қамтамасыз ететін технологияға да, адамдарға да қолдау көрсетудегі "әлеуметтік-техникалық" рөлін қарапайым әрі тиімдірек жолмен көрсету.

  • Инфрақұрылым мақсаты: алдыңғы жылдардағыдай, Инфрақұрылым мақсатындағы жұмыстар мынадай бағыттар бойынша құрылған:
    • уики ортаны жақсарту, яғни тұтынушылар мен оқырмандар оралғысы келетіндей, тереңінен араласып, өздері үшін маңызды болатындай үлес қосқысы келетіндей болуы керек; Бұл мақсатқа интернетте Уикимедиа контентін қайта пайдалануға жауап беру жұмысы, сондай-ақ редакторларды қолдау және үлес қосушылардың тәжірибесін жақсарту (соның ішінде машинаны оқыту және жасанды интеллект құралдарының көмегімен) жолдары кіреді;
    • болашақ аудиторияны қамтудың жаңа жолдарын сынап көру, оның ішінде энциклопедиялық контентті жаңа буын өкілдері көбірек уақыт өткізетін әлеуметтік платформаларға әкелу;
    • деректер қызметіне инвестиция құю, осылайша сынақтар мен әзірлеу жұмыстарының қарқынын арттырып, жаңа технологиялармен жасалатын экспериментті одан сайын жылдамдату.
  • Волонтерларды қолдау мақсаты: Волонтерларды қолдау мақсаты Қордағы көптеген топтың жұмысын топтастыру арқылы Уикимедиа жобаларына әртүрлі деңгейде үлес қосатын адамдарға, сондай-ақ осы қосылған үлестердің өсуі үшін маңызды саналатын әлеуметтік жүйелерге қолдау көрсетіп, қорғайды. Ол алдыңғы жылдардағы мақсаттарды толықтырады, соның ішінде қауіпсіздік пен білім теңдігіне назар қойып, мына пункттерге басымдық береді:
    • волонтерларды қорғау, ол үшін Сенім мен қауіпсіздік ұжымының қолдауына жүгіну және адамдарды қорғауға (мысалы, кең көлемді ереже бұзудан) арналған инфрақұрылым мен құралдарды жақсарту;
    • жобаларымыздың тұтастығын қамтамасыз ету, ол үшін заң жүзінде қорғауды ұсыну, бейтараптық принциптерін күшейту, жалған ақпарат тарату мен ақпаратты бұрмалау әрекеттеріне қарсы тұру, білім жетіспеушілігінен хабардар қылып, ол мәселені шешу;
    • қозғалысымызды күшейту, ол үшін волонтерлар, серіктес ұйымдар және қозғалыс нысандары арасындағы маңызды байланыс пен ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ жаһандық және жергілікті деңгейдегі әрекеттестікті қолдану.
  • Тиімділік мақсаты: тиімділік мақсаты Қордың қаржы, қауіптерді басқару, ұйымдастыру және операциялық саласындағы мүмкіндіктерін үздіксіз күшейтуге ден қоя отырып, осы мақсаттар мен миссиямызды орындайды. Биылғы негізгі мақсаттар:
    • Уикимедиа мекемесі сияқты ұзақ мерзімді диверсификацияланған табыс стратегияларына инвестиция құю, соның ішінде демеуші тәжірибесін жекелендіру бойынша жасалатын эксперименттерді зерттеу және Эндаумент қорын өсіру;
    • қауіпті басқару хаттамаларын, Қордағы ұжымдарға кірістірілген процестер мен жүйелерді әрі қарай жетілдіру;
    • қаржы, операциялық және адам капиталдарының көрсеткіштерін арттыру, жұмысымызды тиімді әрі өнімді ету үшін құралдар мен процестерді жақсарту.

Шешім қабылдауды орталықсыздандыру жөніндегі пилоттық эксперименттер

Осы мақсаттармен қатар биылғы жылдық жоспарда Қамқоршылар кеңесі бекіткен үш пилоттық эксперименттің нәтижелері мен кезеңдері де болады. Олар Уикимедиа қозғалысының саналы түрде жауапкершілік пен шешім қабылдауды өкілдік кеңестер мен көптеген жауапкершілік саласында волонтерлар басқаратын органдарға қалай ауыстыра алатынын бағалауға бағытталған:

Күні кеше Уикимедиа қоры Қамқоршылар кеңесімен де жұмыс істеп, сондай-ақ қауымдастық семинары арқылы Уикипедиялағы бейтарап көзқарас принциптерін күшейтуді ұсынды, қазіргі уақытта бұл – нағыз керек зат. Бұл шаралар осы жылдық жоспарда қамтылған фискалдық жылда жалғасын табады деп күтіп отырмыз.

Инвестицияларымыздағы басымдықты анықтау

Уикимедианың қаржы моделі - көпжылдық стратегиялық жоспарлаудағы негізгі тақырып, ол қаражат жинау мен қаржылық басқарудағы басымдықтарға, сондай-ақ осы миссияны қорғау және болашақ ұрпақ үшін дамытуға бағытталған диверсификацияланған табыс көзін арттыруға деген міндеттемемен байланысты.

Қазіргі модельдеу 2025-2026 жылдары табыс өсімінің шамамен 6%-ға өскенін көрсетеді және алдағы екі жылда бұл көрсеткіш +/-5% болмақ. Өсімнің алдыңғы жылдармен салыстырғандағы мұндай ұстамды деңгейі инвестицияның негізгі салаларындағы басымдықтар мен компромистерге тоқтала отырып, тұрақтылығымызды арттыру керегін көрсетеді.

Осыған орай биылғы бюджетте дұрыстап жоспарлауға деген міндеттеме көрініс табады, онда лездік мақсаттар да, бірнеше буынға арналған мақсаттар да қарастырылған. Ресурстарымыз миссияны алға жылжыту үшін болашаққа бағдарланған бола тұра, шұғыл туындаған қажеттіліктерге жауап беру үшін икемді болуы керек. Соңғы жылдардағыдай, инфрақұрылым бюджеттің ең үлкен бөлігі болып қала береді, ал біз қозғалысты тікелей қаржыландырудың өсуіне басымдық беруді жалғастырамыз.

Былтырғымен салыстырғанда, технологияға қатысты жұмыстар Қор бюджетінің жартысына жуығын (47%) құрайды, оған қоса волонтерлар мен жобаларды қорғауға қатысты басым жұмыстар 29%-ды құрайды, бәрі бірге Қордың жылдық бюджетінің 76%-ын құрайды. Қалған 24% қаржы, қауіптерді басқару, қаражат жинау және операцияларға қатысты шығындарды құрайды.

Тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар экономикалық, құқықтық немесе саяси ортадағы жоспардан тыс немесе күтпеген өзгерістерге бейімделу мақсатында коммерциялық емес ұйымдардағы үздік тәжірибеге сай айналымдағы капиталдың қосымша резерві қамтамасыз етіледі. Осы жылдық жоспардағы резервтің 1%-ы стратегиялық тұрғыдан өте маңызды, бір реттік әрі қайталанбайтын оқиға саналатын Уикипедияның 25 жылдығын атап өтуге жұмсалуы мүмкін.

Соңында айтарымыз, Қордың жалпы өсу қарқынына сай, алдағы жылы волонтерлар мен қозғалыстағы ұйымдарды тікелей қаржыландыру шамамен 11%-ға өспек. Мұның өзі волонтерларға, филиалдарға және қозғалыс серіктестеріне, сонымен қатар қауымдастық іс-шаралары мен волонтерларды заң тұрғысынан қорғауды қаржыландыруға 400-ден астам грант беруге жетеді. Көпжылдық жоспарлау принциптеріне сай, аталмыш қаржыландыру 2026-27 және 2027-28 қаржы жылдары жыл сайын қосымша 5%-ға артып отырады. Бұл сондай-ақ жергілікті гранттардың инфляцияға сай тураланып отыруына мүмкіндік беріп, грант түріндегі көмектің жалпы мөлшерінің бірқалыпты өсуіне себеп болады.

Толық ақпарат алу жолы

Осы жерден көбірек ақпарат алып, Уикимедиа қорының жылдық жоспарына қалай үлес қосуға болатыны туралы біле аласыз.

Сонымен қатар Қор екі апта сайын жылдық жоспардың орындалу барысы туралы бюллетень жіберіп тұрады. Бұдан бөлек былтырғы жоспармен салыстырғандағы алты айлық орындалу жоспарының "скриншотын" осы жерден көре аласыз.

Сілтемелер мен ресурстар