2022 жылғы Түркі Уикимедияшыларына арналған Уикидерек тәлімдемесі/Стипендия & Тіркелу жайлы ақпар

From Meta, a Wikimedia project coordination wiki
Wikidata Trainings
For Turkic Wikimedians
Program Registration & Participants
Location
Logistics
Contact
Documentation
Wikidata İstanbul 2022
Venue and Hotel Team
Wikidata 2022 Istanbul

2022 жылғы Түркі Уикимедияшыларына арналған Уикидерек тәлімдемесі – Түркі халықтары Уикимедия қозғалысы ұйымдастырып отырған 2022 жылғы 21–23 қазанда Түркия астанасы – Ыстанбұлда болатын халықаралық конференция/тәлімдеме. Түркі қолданушылары тобы құрған Уикимедиа қауымдастығының стипендия бағдарламасы таңдалып алынған белгілі бір қолданушыларға Уикимедия қоры бөлген ақша есебінен екі жаққа қарай жол мен тұрғын үй құнын өтеп береді.

Төмендегі беттерде Wikimedia Turkic UG стипендиясын алу үдерісі жазылған.

Маңызды күндер

Түркі қолданушалар тобының Стипендия бағдарламасы болжаммен мынадай уақыт аралығында болмақ:

  • Стипендияға өтініш тастау басталатын күн: 7 маусым 2022
  • Сырттан келетіндер стипендияға өтініш тастай алатын соңғы күн: 30 маусым 2022 23:59 UTC
  • Түркиядағылар стипендияға өтініш бере алатын соңғы күн: 31 шілде 2022 23:59 TSİ
  • Стипендия комитеті үміткердің жарамдылығын бағалайтын кезең: 1-15 шілде 2022
  • Комитет ұйғарымын үміткерлерге жариялау: 15-20 шілде 2022
  • Қатысушылардың соңғы тізімі Тамыз айында жарияланады.

Уикимедия жобасының кез келген белсенді қатысушысы (соңғы жылда кемі 500 өңдеме және бүкіл кезең ішінде кемі 1000 өңдеме) не түркі әлемі + аймақтық қауымдастықтан (Грузия, Армения және Иран) шыққан кез келген Уикимедия еріктісі стипендия алуға жарамды болып саналады. Бағдарлама еріктілердің қатысуын қолдайтындықтан, қатысқаны үшін ақы алатын жұмысқа қатысы бар тұлғалар, соның ішінде кез келген Уикимедия ұйымының ақылы не келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлері стипендия алуға құқығы жоқ. Бұл ережеден жарты күн істейтін қызметкерлер, тәлімгерлер мен жұмыс істейтін студенттер алынып тасталады.

Уикимедия қозғалысындағы қандай да бір белсенділік стипендияға үміткер ретінде таңдап алуымыздың басты талабы болады. Уикимедиядан тыс тегін білім, бағдарламалық қамтамасыз ету, я болмаса білім беруге қатысты бастамаларға қатысу - басымдық береді, алайда міндетті талап болмайды.

Стипендиялар

Жоспар бойынша Түркі және маңайдағы қауымдастықтардан шыққандарға, сондай-ақ Ыстанбұлдан басқа қалада тұратын Түркиялықтарға барлығы 35-тен астам стипендия бөлу көзделіп отыр. Үштен аса стипендия үлкен қауымдастыққа, ал кемі 1 стипендия кішігірім қауымдастыққа берілгелі отыр.

The call for applications for the scholarship was closed by June 30th. By mid-July, all scholarship recipients were notified of this. Стипендияға үш тілде өтініш беруіңізге болады: ағылшын, түрік және орыс.

Тіркелу

Шараға 80 адам қатысады деп жоспарлап отырмыз әрі оған кез келген адам өз қалтасынан ақша шығарып келе алады, бірақ ол адам алдын ала тіркелуі керек. Тіркелу кезеңін Тамыз айында ашып, ол жайлы баршаңызға жариялаймыз.

Register now Kayıt formunu doldurunuz

Сұрақтарыңыз болса, istcon2022@wmturkic.org арқылы байланыса аласыз.