Әмбебап әдеп кодексі/Орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасы/Хабарландыру/Дауыс беру 1

From Meta, a Wikimedia project coordination wiki
This page is a translated version of the page Universal Code of Conduct/Revised enforcement guidelines/Announcement/Voting 1 and the translation is 100% complete.

Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасына дауыс беру болайын деп жатыр

Бұл хабардың басқа тілдерге аударылған нұсқасын Meta-wiki сайтынан таба аласыз.

Сәлеметсіздер ме!

2023 жылғы қаңтардың ортасында Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық қауымдастықтың екінші ратификациялық дауыс беруіне салынады. Бұл шара 2022 жылдың наурызындағы дауыс беру шарасының жалғасы болмақ, ол кезде дауыс берушілердің көбі ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты қолдаған еді. Дауыс беру кезінде қатысушылар қауымдастықтағы маңызды мәселелерді атап өтуге көмектесті. Қамқоршылық кеңесінің Қауымдастық істері бойынша комитеті сол аталып өткен мәселелердің қарастырылуын сұрады.

Еріктілер басқаратын Қайта қарастыру комитеті қауымдастық ұсыныстарын тексеріп, өзгерістер енгізу үшін біраз тер төкті. Олар оқыту және бекіту талаптары, жұмыс барысындағы құпиялық пен ашықтық, құжаттың оқуға және аударуға ыңғайлы болуы сияқты өзекті мәселелерді жетілдірді.

Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасын мына жерден, ал өзгерістер арасындағы айырмашылықты мына жерден көруге болады.

Қалай дауыс беруге болады?

Дауыс беру 2023 жылғы 17 қаңтардан бастап ашық болады. Meta-wiki сайтындағы осы бетте SecurePoll арқылы қалай дауыс беруге болатыны туралы ақпарат берілген.

Кім дауыс бере алады?

Осы дауыс беруге жарамдылық талаптары Уикимедиа Қамқоршылар кеңесінің сайлауындағымен бірдей. Дауыс берушілердің құзыреттілігі туралы толық ақпаратты дауыс берушінің ақпарат бетінен көріңіз. Талаптарға сай болсаңыз, Уикимедиа аккаунтыңызды пайдаланып, дауыс беру серверіне кіре аласыз.

Дауыс беру аяқталған соң не болады?

Дауыстарды тәуелсіз еріктілер тобы мұқият тексереді. Дауыс беру нәтижесі Wikimedia-l жүйесінде, Қозғалыс стратегиясының форумында, Diff блогінде, сондай-ақ Meta-wiki сайтында жарияланады. Дауыс берушілер қайтадан дауыс беріп, нұсқаулық туралы пікір білдіре алады. Қамқоршылар кеңесі ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың ратификациялануын немесе одан әрі жетілдірілуін қарастырғанда, қолдау көрсету мен қозғалған мәселелер деңгейін ескереді.

ӘӘК жобасы тобының атынан,