Украинаның мәдени дипломатия айы 2022

From Meta, a Wikimedia project coordination wiki
This page is a translated version of the page Ukraine's Cultural Diplomacy Month 2022 and the translation is 100% complete.

Ukraine's Cultural Diplomacy Month 2022

17 February – 17 March    

[Social media: #UCDMonth] · [Link here: ucdm.wikimedia.org.ua]    



Уикипедиядағы украин мәдениетін кеңейтуге арналған сайысқа қош келдіңіз!
  • Бұл не?: Бұл Уикипедияның мүмкіндігінше көп тілдегі бөлімдерінде Украинаның мәдениеті мен халқы туралы мақалаларды жасау және жақсарту мақсатын ұстанатын көпшілікке арналған сайыс. Назар аударарлық мақалалар тізімін Украинадағы сайысты ұйымдастырушылар ұсынған. Ең белсенді қатысушылар сыйлықтарға ие болады.
  • Қашан?: Мақалалар жазу сайысы 2022 жылы 17 ақпан (UTC) сағат 00:01-ден 2022 жылы 17 наурыз (UTC) сағат 23:59-ға дейін жалғасады.
  • Қалай?: Сайыстың құрылымы қарапайым, 4 қадамнан тұрады: жұмыс істеу үшін мақаланы таңдаңыз → орындалған жұмыстарыңыз үшін ұпайларды алыңыз → мүмкіндігінше көп ұпай жинауды мақсат етіңіз → өз үлесіңіз үшін марапат алыңыз!
  • Кім қатыса алады?: Кез-келген тіркелген Уикипедия қатысушысы кез-келген тілде украин мәдениетіне қатысты мақалаларды жазу және/немесе аудару арқылы көмектесе алады. Қатысу үшін «қатысушылар тізімінде» өзіңізді атап өтіңіз.
  • Бұл неге?: Бұл сайыс Wikimedia Ukraine Украина институты мен Украина сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған. Әр тақырып бойынша әлі жазылмаған мақалалар бар, сондықтан бұл сайыс арқылы біз украин халқы үшін маңызды мәдени мақалалардың жағдайын жақсартамыз деп үміттенеміз. Уикипедиядағы мақалаларды жақсарту мен украин мәдениетін кеңейту біздің оқырмандарымыздың жоғары сапалы ақпарат алуы үшін маңызды.