Уикимедиа қорының жылдық жоспары/2024–2025/Бірлесіп жұмыс істеу

From Meta, a Wikimedia project coordination wiki
This page is a translated version of the page Wikimedia Foundation Annual Plan/2024-2025/Collaboration and the translation is 74% complete.
Outdated translations are marked like this.

Қатысу

Соңғы бірнеше жылда біз бірлесіп жоспарлау процесін дамытуды және жақсартуды жалғастырып келеміз: Уикимедиа қорының назары адамдар мен технологияда бола бермек, өйткені ол адамдар мен қауымдастықтарға тең дәрежеде білім өндіруші жүйелер түріндегі платформа беруші ретінде ерекше рөл атқарады. Төрт негізгі мақсат (теңдік, инфрақұрылым, қауіпсіздік, тиімділік) тұрақты болып қала береді, ал олардың ішінде атқарылған жұмыстар мен нәтижелер ағымдағы жылы жасалған елеулі жетістіктерге негізделеді.

Талқылаулар биыл Талқылау:2024 бастамасы аясындағы қор қызметкерлері, көшбасшылары, Қамқоршылар кеңесі мүшелері және бүкіл әлемдегі уикимедиашылар арасындағы әңгімелерден басталған еді. Содан соң Өнім мен технология жөніндегі директор Селена Деккельман Уикимедиа қорының өнім мен технологияға қатысты келесі жылғы мақсаттарына сай уики-үлес қосуға шақырту жіберді. Бұл мақсаттар Талқылау:2024 арқылы жүріп жатқан әңгімелерден құрылды, ол жерде платформамыз бен онлайн үлес қосушыларымыздың қажеттіліктеріне назар аударуды жалғастырудың маңыздылығы атап көрсетілді. Алдағы апталарда өнім мен технологияға қатысты маңызды нәтижелер, ал одан соң сәуір айының басында жылдық жоспардың толық жобасы жарияланады.

Идеяларыңызды қазірден бастап 2024 жылғы 31 мамырға дейін қабылдап, осы бетті әртүрлі арналар мен тілдердегі жаңа уики-сайттар мен нақты уақыттағы талқы ретінде жаңартамыз. Бұл талқыларда Уикимедиашылар ұсынылатын жоспарларға қатысты өз көзқарастарын білдіріп, келесі жылға қойған өз мақсаттарын бөліседі. Көптеген басқа адамдардың атқарып жатқан істерінен шабыт ала отырып, Уикимедиа қозғалысы мен басқа серіктестердегі жоспарлау процестері мен жұмыстарынан үйрену және олармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін табамыз. Биыл қатысудың көптеген жолы бар: осы жерде, яғни мета-уики сайтында, бірлесіп құрылған қоғамдастық кеңістіктерінде, Уикимедиа жобаларының беттерінде және қауымдастық арналарында.

Бірге жасалған Қауымдастық кеңістіктері

Биыл Уикимедиа қорының қызметкерлері мен басшылары келесі жылғы жылдық жоспардың жобасы бойынша екіжақты жоспарлау үшін қауымдастық ұйымдастырған қазіргі қоңырауларға қосылады. Сонымен қатар Қор қызметкерлері қызығатын салаларына қарай кез келген адам қатыса алатын бірнеше тақырыптық қоңырауларды ұйымдастырады. Қоңырауға қосылғыңыз келсе, бірақ таңдаған тіліңізде синхронды аударма қызметі жоқ болса, movementcomms@wikimedia.org мекенжайына хат жазыңыз, біз қажетті шаралар қолданамыз. Күндер нақтыланған сайын, тізім жаңарып тұратынын ескеріңіз, осылайша ең өзекті ақпарат ұсынылып тұрады.

  1. Уикимедиа қоры қауымдастық істері комитетінің қамқоршылармен әңгімесі: .
  2. WikiCauserie: , мына тілдер жұбында синхронды аударма болады: ағылшын - француз.
  3. MENA Community call , interpretations available: English - Arabic.
  4. CEE Catch up: , мына тілдер жұбында синхронды аударма болады: ағылшын - орыс.
  5. Annual Planning Session at ESEAP Conference 2024: .
  6. Igbo Wikimedia Open Community Call: .
  7. Cross-regional meeting: May 15, 2024 (15.00-16.30 UTC), interpretation available: English, French, Polish, Portuguese, Spanish.
  8. Wikimedia AI call: May 16, 2024 (14.00-15.00 UTC). Interpretation: TBD
  9. Afrika Baraza: , мына тілдерде синхронды аударма болады: ағылшын - француз, араб және суахили.
  10. South Asia Open call: .

Уики аясындағы жобалар

Жылдық жоспар туралы әңгімелерге қатысуға қатысты қысқаша хабар жергілікті қауымдастықтарда түрлі жобаларда жарияланады. Жылдық жоспар жобасының материалдары мен оған қоса ұсынылатын аудармалардың толық нұсқасы осы мета-уики порталында нақты уақытта көрсетіледі. Өз қауымдастықтарыңыздағы талқылау беттерінде де, осы жердегі мета-уики талқылау бетінде де кез келген уақытта өзіңіз қалаған тілде бізбен бірлесіп жұмыс істей аласыз. Біз осында, яғни контент жарияланған жерге, шыққан бойда сілтемелер қосамыз.

Discord пен Telegram желілеріндегі басқа қауымдастық арналарында да жылдық жоспарлау туралы қосымша талқылар жүріп жатыр. Осы арналарға жазылған болсаңыз, талқылауларға қосылуға шақырамыз.

Өнімге қатысты әңгімелер әр түрлі арналарда болады. Әңгімелер жылдық жоспардағы өз мақсаттары мен негізгі нәтижелеріне жауап беретін Уикимедиа қорының Өнім командаларымен бірлесіп жұмыс істейтін қауымдастық мүшелері арасында болады. Өнім командалары жауап беретін нақты мақсаттар мен негізгі нәтижелерге қызығушылық білдіретін қауымдастық мүшелері өздерінің құзырындағы мақсаттардың егжей-тегжейіне, оларды іске асыру және қауымдастықтардың жұмысы мен мүдделеріне сәйкес келуіне қатысты топтармен бірлесіп жұмыс істей алады.

Мұндай бірлесіп жұмыс істеу шаралары жылдық жоспардың мақсаттары мен негізгі нәтижелеріне негізделген Өнім командаларының 2024–25 жылдарға белгіленген жұмыстарына қатысты сұрақтар қойып, мәселелерді нақтылап алуға мүмкіндік береді.