Әмбебап әдеп кодексі/Орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасы/Дауыс берушілерге арналған ақпарат

From Meta, a Wikimedia project coordination wiki
This page is a translated version of the page Universal Code of Conduct/Revised enforcement guidelines/Voter information and the translation is 95% complete.
Outdated translations are marked like this.

VOTE HERE

Universal Code of Conduct

2023 жылғы 17 қаңтар мен 31 қаңтар сағат 23:59:59 (UTC) аралығында SecurePoll арқылы Әмбебап әдеп кодексінің (ӘӘК) орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасын ратификациялауға дауыс беру болады. Уикимедиа қауымдастығындағы дауыс беру құқығы бар барлық қатысушыда орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты қолдау не қарсылық білдіру және оның себебін келтіру мүмкіндігі болады. Орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты ратификациялау ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз етудің жолдары мен процестерін қалыптастыру үшін қажет. Дауыс беру нұсқаулары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты, соның ішінде кім дауыс бере алатыны туралы мәліметті көру үшін төменге өтіңіз.

Дауыс беру туралы ақпарат алу үшін Дауыс беруге қатысты сұрақ-жауап бөлімін көріңіз.

Дауыс беру процесі

Дауыс беруге құқылы болсаңыз:

  1. Әмбебап әдеп кодексі саясатының орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қайта қарастырылған нұсқасын қарап шығыңыз.
  2. Орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың қабылдануын қолдау не қолдамау туралы шешім қабылдаңыз. Егер қарсы болсаңыз, өз дауысыңызбен бірге нұсқаулыққа қандай өзгерістер ұсынатыныңызды жазып кетіңіз.
  3. Дауысыңызды SecurePoll арқылы тіркеу туралы біліп алыңыз.
  4. SecurePoll арқылы дауыс беру бетіне өтіп, нұсқауларды орындаңыз.
  5. Басқа да қауымдастық мүшелеріне дауыс беру туралы еске салыңыз!

Не нәрсе үшін дауыс беру керек?

2023 жылғы қаңтардың ортасында Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық қауымдастықтың екінші ратификациялық дауыс беруіне салынады. Бұл шара 2022 жылдың наурызындағы дауыс беру шарасының жалғасы болмақ. Ол кезде дауыс берушілердің көбі ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты қолдады, бірақ Қамқоршылар кеңесінің Қауымдастық істері жөніндегі комитеті (CAC) қайта қарастыруын сұраған маңызды қауымдастық мәселелерді атап өтті. Қайта қарастыру комитеті қауымдастық пікірін ескеріп, өзгерістер енгізді. Құпиялық пен ашықтық арасындағы баланс, сондай-ақ оқыту (тренинг) мен бекіту талаптары сияқты мәселелерді қамтитын бөлімдер жаңартылды.

Уикимедиа қорының Қамқоршылар кеңесі өзі ӘӘК-ні ратификациялағаннан кейін қауымдастықтың ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулығының ұсынылған нұсқасына берген дауысын қолдайды. Қамқоршылар сондай-ақ Арбитраждық комитеттердің бірігіп жазған хатында, сонымен қатар ерікті функционерлерге, серіктес ұйым мүшелеріне және редакциялық комитет мүшелеріне жүргізілген сауалнамаларында көрсетілген дауыс беруге деген қолдауларын да есептейді.

2030 жылға арналған стратегиялық мақсаттарға қатысты маңызды ұсыныстардың бірі – ӘӘК-ні бірлесе отырып құрастыру арқылы бүкіл Уикимедиа қозғалысында қолданылатын тәртіп нормаларының баршаға ортақ негізін ұсыну, сондай-ақ басынуға (харасмент) жол бермеу.

Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық

Бұл нұсқаулық Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз етуге арналған. ӘӘК-нің негізгі бөлігін Қамқоршылар кеңесі бұған дейін қауымдастықпен кеңескеннен кейін (қауымдастықтан анық сауалнама арқылы сұрамай-ақ) ратификациялаған болатын. Аталмыш нұсқаулыққа алдын алу, жауап қату және тергеу жұмыстары, сондай-ақ Әмбебап әдеп кодексін бұзу жағдайларын шешу жұмыстары кіреді. Орындалуын қамтамасыз етуді негізінен барлық онлайн және офлайн Уикимедиа жобасындағы, іс-шарасындағы, сондай-ақ үшінші тарап платформаларында орналастырылған қатысы бар кеңістіктердегі арнайы тағайындалған функционерлер орындайды (бірақ бұлармен шектелмейді). Осының бәрі ұйымдасқан, өз уақытында әрі бүкіл Уикимедиа қозғалысы бойынша біркелкі түрде істеледі.

ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулық екі бөлімнен тұрады:

  • Алдын алу жұмыстары
    • Әмбебап әдеп кодексін насихаттау, Әмбебап әдеп кодексін оқытуды насихаттау және т.б.
  • Жауап қату жұмыстары
    • Бұзушылықтарды рәсімдеудің толық сипаттамасын беру, хабарланған бұзушылықтарды қарастыру, хабарланған бұзушылықтарды қарастыруға қажет ресурстарды ұсыну, бұзушылықтарға қарсы шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, және т.б.

Не себепті дауыс беру керек?

Орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты ратификациялау ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз етудің жолдары мен процестерін нақтылау үшін қажет. Орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулыққа дауыс беру қауымдастықтың ӘӘК-ні қаншалықты қолдайтынын есептеу, сондай-ақ дауыс берушілердің айтары болса, ұсыныстарға қатысты пікірлерін жинау үшін жасалады. Қайсысын таңдасаңыз да, дауыс арқылы көтерген мәселелеріңіздің байқалғаны маңызды. Егер "жоқ" деп дауыс берсеңіз, нұсқаулықтың қай жері сізді алаңдататынын және оның себебін толықтырып көрсеткеніңіз де маңызды.

Ең бастысы, дауыс беру арқылы:

  • Уикимедиа жобаңыздағы қатысушылардың көзқарасы жаһандық дауыс беруде ескерілетініне сенімді бола аласыз.

Қалай дауыс беру керек?

SecurePoll бюллетенінің үлгісі. Мынаны ескеріңіз: votewiki сізге жүйеге кірген жоқсыз деп тұруы мүмкін. Дауысыңыз бәрібір саналады.

SecurePoll бетіне өтпестен бұрын осы бөлімді оқып алыңыз. Бұл жерде ойдағыдай дауыс беруге қатысты ақпарат ұсынылған.

  • Бюллетеньде дауыс беруге қатысты сұрақ пен екі опция болады. "Жоқ" немесе "иә" деген жауапты ғана таңдаңыз. "Жоқ" деп те, "иә" деп те таңдалмаған жауаптар соңғы есептеу кезінде саналмай қалады.
  • "Пікір" ұяшығында ұсынылған нұсқаулыққа қатысты сұрақтарыңызды қалдыруға болады.
  • Содан соң SecurePoll сізге дауысыңыздың тіркелгені туралы хабарлайды.
  • Бұл сайлауда қайтадан дауыс беруге болады. Солай істесеңіз, бұған дейінгі дауысыңыз жойылады. Дауысыңызды қалағаныңызша өзгерте бере аласыз.

Дауыс беру нәтижесі қалай анықталады?

Қамқоршылар қорының ратификациясына өту үшін дауыс берген қатысушылардың дауысы 50%-дық межеден асуы қажет болады. Қазіргі сәтте Уикимедиада қолдау/қарсы принципі бойынша өткізілетін сайлауға қатысты тәжірибе жоқ (кейбір процестерде айқын басымдық (⅔) принципіне ұқсас әдістер, тағы біреулерінде жай ғана басымдық (50% +1) қолданылады, ал басқалары тіпті дауысты санмен есептеуден толықтай бас тартқан). Осы процесс үшін, дүниежүзілік заң жүйелеріндегі референдумдардың көбімен сәйкес болу мақсатында жай ғана басымдық арқылы өткізу әдісі таңдалды.

Дауыстарды тәуелсіз еріктілер тобы мұқият тексереді де, нәтижесі жарияланады. Бірінші дауыс беру процесіндегідей, дауыс берушілерге дауыс беру де, нұсқаулыққа қатысты пікірлерін білдіру де мүмкіндігі ұсынылады. Қамқоршылар кеңесі орындауды қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың ратификациялануын немесе әрі қарай жетілдірілуін қарастырғанда, қолдау деңгейі мен көтерілген мәселелерді ескереді.

Дауыстардың әділ есептелуін қамтамасыз ету үшін дауысты мұқият тексеруге Уикимедиа қорынан тыс адамдар қатыса ма?

Берілген дауыстарда қандай да бір бұзушылықтың бар-жоғын мұқият тексеру ісіне қозғалыс аясында өтетін дауыс беру мен растау процестерінде тәжірибесі бар ерікті уикимедиашылар қатысады. Дауысты тексерушілер:

Дауыс беру құқығы

Жалпы ереже

Дауыс беруге құқылы болуыңыз үшін, сізді бұғаттаған жобалардың саны бірден көп болмауы керек.

Редакторлар

Уикимедиа сайттарындағы кез келген тіркелгіңізден дауыс бере аласыз. Қанша тіркелгіңіз болса да, тек бір рет дауыс бере аласыз. Дауыс беру мүмкіндігі болуы үшін, тіркелгіңіз мына шарттарға сай болуы керек:

  • оны бұғаттаған жобалардың саны бірден көп емес;
  • бот емес;
  • 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін Уикимедиа сайттарында ең кемі 300 өңдеуі бар;
  • 2022 жылғы 3 шілде мен 2023 жылғы 3 қаңтар аралығында ең кемі 20 өңдеуі бар.

Дауыс беруге құзыреттілікті AccountEligibility құралын пайдалану арқылы жылдам тексеруге болады.

Әзірлеушілер

Әзірлеушілер мына шарттарға сай болса дауыс бере алады:

Қосымша критерийлер

  • немесе 2022 жылғы 3 шілде мен 2023 жылғы 3 қаңтар аралығында nonwmf-extensions немесе nonwmf-skins беттерінде ең кемі бір біріккен коммит жасау;
  • немесе 2022 жылғы 3 шілде мен 2023 жылғы 3 қаңтар аралығында Уикимедиадағы құрал репозиториіне (мысалы, magnustools) ең кемі бір біріккен коммит жасау;
  • немесе translatewiki.net сайтында 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін ең кемі 300 өңдеу, сондай-ақ 2022 жылғы 3 шілде мен 2023 жылғы 3 қаңтар аралығында ең кемі 20 өңдеу жасау;
  • немесе Уикимедиа сайттарында кез келген құралдың, боттың, қолданушы скриптісінің, гаджеттің, сондай-ақ Lua модулінің авторларының бірі немесе әзірлеушісі болу;
  • Уикимедиаға қатысты техникалық әзірлеу жұмыстарына қатысты жобалау немесе тексеру процестеріне белсенді түрде араласу.

Ескертпе: негізгі критерийлерге сай келсеңіз, бірден дауыс бере бересіз. SecurePoll бетінің техникалық мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, қосымша критерийге сай келетін адамдар, тағы басқа критерийлердің біріне сай келмейінше, тікелей дауыс бере алмай қалуы мүмкін. Өзіңізді қосымша критерийлерге саймын деп санасаңыз, бізге дауыс берудің соңғы күнінен ең кемі 4 күн бұрын (яғни, 2023 жылғы 27 қаңтарға дейін) ucocproject@wikimedia.org мекенжайына себебін түсіндіріп хат жіберіңіз. Критерийлерге шынымен сай келсеңіз, сізді қолмен жасалған тізімге қосамыз, сол кезде дауыс бере аласыз.

Уикимедиа қорының қызметкерлері мен келісімшарт арқылы қызмет етушілер

Уикимедиа қорының қазіргі қызметкерлері мен келісімшарт арқылы қызмет етушілері 2023 жылғы 3 қаңтар күні Қорға жұмыс істесе, дауыс беру құқығына ие болады.

Уикимедиа қорымен серіктес ұйымдардың (аффилиаттардың) қызметкерлері мен келісімшарт арқылы қызмет етушілері

Уикимедиа қорымен серіктес ұйымдардың (аффилиаттардың) қазіргі қызметкерлері мен келісімшарт арқылы қызмет етушілері 2023 жылғы 3 қаңтар күні сол ұйымдарға жұмыс істесе, дауыс беру құқығына ие болады.

Қазіргі Уикимедиа бөлімдерінің, тақырыптық ұйымдардың немесе қолданушылар тобының регламентінде көрсетілгендей, ресми орган мүшелері аталған қызметтерде 2023 жылғы 3 қаңтар күні істеп жүрсе, дауыс беру құқығына ие болады.

Уикимедиа қоры Қамқоршылар кеңесінің мүшелері мен Уикимедиа қоры Консультациялық кеңесінің мүшелері

Уикимедиа қоры Қамқоршылар кеңесі мен Уикимедиа қоры Консультациялық кеңесінің қазіргі және бұрынғы мүшелері дауыс бере алады.

Уикимедиа қозғалысы комитетінің мүшелері

Уикимедиа қозғалысы комитетінің қазіргі мүшелері аталған қызметтерде 2023 жылғы 3 қаңтар күні істеп жүрсе, дауыс беру құқығына ие болады.

Уикимедиа қозғалысы қауымдастығының ұйымдастырушылары

Өзін жақсы жағынан көрсеткен қауымдастық ұйымдастырушылары басқа санат бойынша дауыс беру құқығына ие болмаса да, мына шарттарға сай келсе, дауыс бере алады:

  • 2021 жылғы 1 қыркүйектен бері Уикимедиа қорының ең кемі бір грантына өтініш тастаса, ұтып алса және ол туралы есеп берсе;
  • 2022 жылғы 3 қаңтар мен 2023 жылғы 3 қаңтар аралығында ең кемі бір қаржыландырылған хакатон, жарыс немесе басқа да Уикимедиа іс-шарасының (уики сайттарында құжаттамасы мен ең кемі 10 қатысушысы/көрермені/келушісі бар) ұйымдастырушысы болса.

Қосымша критерийлер

Өзіңізді қосымша критерийлерге саймын деп санасаңыз, бізге дауыс берудің соңғы күнінен ең кемі 4 күн бұрын (яғни, 2023 жылғы 27 қаңтарға дейін) ucocproject@wikimedia.org мекенжайына себебін түсіндіріп хат жіберіңіз. Критерийлерге шынымен сай келсеңіз, сізді қолмен жасалған дауыс берушілер тізіміне қосамыз.

Дауыс беруге қатысты сұрақ-жауап

  1. Дауыс беру құқығымды қалай тексере аламын?
    Редакторлар ағымдағы сайлаудағы дауыс беру құқығын AccountEligibility tool құралын пайдалану арқылы тексере алады. Жаһандық тіркелгі ақпараты бетінен өңдеулеріңіздің саны мен қосқан үлесіңіздің тарихы туралы толық біле аласыз.
  2. Дауыс беру талаптары қалай қойылған?
    Уикимедиа қорының кеңесі сайлау басталмас бұрын дауыс беру талаптарын қойып қойды. Бұл талаптар Қамқоршылар кеңесі сайлауындағы талаптармен бірдей.
  3. Дауыс беру құқығы бар қатысушы дауыс бере алмай тұр
    Сізге мынадай хабар келуі мүмкін: "Кешіріңіз, бұл сайлауда дауыс беруге құқығы бар алдын ала анықталған қатысушылар тізімінде жоқсыз."
    Шешімдері

    Жүйеге кіріп тұрғаныңызды тексеріңіз.

    Meta-wiki сайтынан дауыс беріп тұрғаныңызды тексеріңіз, дауыс беруді бастау бетіне өту үшін осы сілтемені пайдалануыңызға болады.

    Егер сіз әзірлеуші, Уикимедиа қорының қызметкері, Уикимедиа қозғалысы комитетінің мүшесі, грант иегері немесе Консультациялық кеңес мүшесі болсаңыз, сізде арнайы қолданушы аты болмауы мүмкін және сізді дауыс берушілер тізіміне қолмен қосу қажет болуы мүмкін. Тізімге қосылу үшін ucocproject@wikimedia.org мекенжайына хабарласыңыз. Сізге 72 сағат ішінде жауап келеді, содан кейін барып дауыс бере аласыз.

    Егер сонда да дауыс бере алмай тұрсаңыз, бірақ өзіңізді дауыс беруге құқылымын деп санасаңыз, сайлаудың талқылау бетіне хабар қалдырыңыз немесе Сайлау комитетіне ucocproject@wikimedia.org мекенжайы арқылы хабарласыңыз. Сізге 72 сағат ішінде жауап келеді.

  4. VoteWiki-ге кіре алмай тұрмын
    Дауыс беру үшін VoteWiki-ке кірудің қажеті жоқ. Бюллетеньді көріп тұрсаңыз, SecurePoll сізді анықтады деген сөз. Қауіпсіздік мақсатында VoteWiki-ке тіркелген тіркелгілер саны шектеулі болады.
  5. Кімге дауыс бергенімді өзімнен басқа біреу көре ме?
    Жоқ, сайлау деректері қорғалған. Сайлауда SecurePoll бағдарламалық құралы пайдаланылады. Дауыстар құпия сақталады. Сайлау комитетінен, Кеңестен ешкім немесе Уикимедиа қорының ешбір қызметкері оларды көре алмайды. Дауыс беруге арналған шифрлау кілттері Уикимедиа қорындағы Trust & Safety ұжымында болады. Кілт іске қосылған бойда, сайлау тоқтайды.
  6. Дауыс берушілер туралы қандай дерек жиналады?

    Дауыс берушілер туралы кейбір жеке ақпарат сайлауда аудит жасап, дауыстарды санайтын санаулы адамдарға көрінеді. Жоғарыда жарияланғандай, ратификациялау процесіндегі тексерушілер туралы ақпаратты көріңіз.

    Жеке ақпаратқа IP мекенжайы мен user agent дерегі жатады. Бұл деректер сайлау аяқталғаннан кейін 90 күннен соң жойылады.

  7. Ол дерек қалай қолданылады?
    Осы сайлаудағы мәліметтерді Meta сайтындағы сайлау нәтижесі беттері мен сайлау қорытындысы туралы есептен көруге болады. Ешқандай жеке ақпарат жарияланбайды. Жеке тұлғаны анықтайтын ақпарат тәуелсіз дауыс берушілер саны мен дауыс берушілердің әлем бойынша қаншалықты таралғанын есептеу үшін пайдаланылады.
  8. Дауыс бердім, бірақ дауысымның қабылданғанын растайтын ешқандай белгі байқамадым, дауыс беруім үшін тіркелуім керек деген автоматты хабар ғана шығып тұр. Не болып кетті өзі?

    Дауыс беру үшін votewiki-ге кірудің қажеті жоқ. Мұндай қате кэш файлдарына қатысты мәселеден туындаған болуы мүмкін. m:Special:SecurePoll/vote/394 бетіне өтіп, қайтадан дауыс беріп көріңіз.

    Дауыс беру әдісіңізді неше рет тағайындап, өзгертсеңіз де, өзіңіз білесіз. Әр қатысушыдан тек бір дауыс сақталады, жүйе ескі дауыс(тар)ыңызды жаңасымен алмастырады да, бұрынғыс(лар)ын өшіріп тастайды.

    Дауыс беру процесі аяқталғанда, экранға чек шығады, оны дауыс бергеніңіздің дәлелі ретінде сақтап қоюыңызға болады.

  9. Дауыс беру жүйесі қатысушылардың бірнеше рет дауыс беруінен қалай қорғайды?
    Жүйеде әр қатысушыдан бір дауыс қана сақталады. Дауыс беру әдісіңізді неше рет тағайындап, өзгертсеңіз де, өзіңіз білесіз. Жүйе жай ғана ескі дауыс(тар)ыңызды жаңасымен алмастырады да, бұрынғыс(лар)ын өшіріп тастайды.
  10. Уикимедиа қорының қызметкерлеріне белгілі бір жолмен дауыс беру ұсыныла ма?
    Жоқ, Уикимедиа қорының қызметкерлері мен серіктес ұйым қызметкерлеріне белгілі бір жолмен дауыс беру туралы ұсыныс берілмейді. Барша қатысушыны тәуелсіз түрде дауыс беруге шақырамыз. Әмбебап әдеп кодексінің орындалуын қамтамасыз ету туралы нұсқаулықтың ойдағыдай іске асуы үшін, сондай-ақ ондағы жетілдіру керек жерлерді анықтауымыз үшін бізге шынайы пікірлер керек.
  11. Trust and Safety ұжымы дауыс беру нәтижелерін өз пайдасына бұрып алмай ма?
    Trust and Safety ұжымы үш бөлімнен тұрады: Саясат, Дезинформация және Операция. ӘӘК-ні әзірлеумен айналысатын ұжым – Саясат ұжымы. Саясат ұжымы қатысушылардың тәртібін тергеу істеріне араласпайды. Операция ұжымы шешімді өз пайдасына бұрады немесе бұруы мүмкін деп ешкім айтпаса да, атқаратын қызметтерді осылай бөлу әдейі, яғни ұжым байқаусызда өз пайдасына бұрып алмас үшін жасалған еді. Саясат ұжымы бірлесіп жасалған осы бір құжаттың бірден мақұлдануына немесе ары қарай жетілдірілуіне байланысты бағаланбайды. Ол ұжым құжаттың қауымдастықпен қаншалықты жақсы істейтініне қарай бағаланады. Яғни, ӘӘК-нің орындалуын қамтамасыз етуге бірлесе отырып кірісу қауымдастық үшін қызмет етеді. Біздің мақсатымыз – сол жауапкершілікке барынша сай болу.
  12. Бұл жерде айтылмаған басқа да сұрақтар
    Техникалық немесе дауыс беру жүйесі туралы қателер бойынша ucocproject@wikimedia.org мекенжайына электрондық хат жіберіңіз. Дауыс бергіңіз келіп тұрған қолданушы аты мен жобаны көрсетіңіз. Жоба ұжымының мүшесі хатыңызға барынша тез жауап береді.